"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

БЖЗҚ-ның 2023 жылғы 1 маусымдағы негізгі көрсеткіштеріне шолу: зейнетақы жинақтары бір жылда 24% өсті

2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 15,8 трлн теңге болды. Өткен жылдың сәйкес күнінен бастап ол шамамен 3,07 трлн теңгеге немесе 24% өсті.

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары бір жыл ішінде 23,8% ұлғайып, 2023 жылғы 1 маусымға 15,3 трлн теңгеге жетті.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары шамамен 495,3 млрд теңге, бір жылда 32,2% ұлғайды.

Ең үлкен өсім – 64% астам нәтижені ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен жинақталған қаражат көрсетіп отыр. Олар 2023 жылғы 01 маусымда шамамен 4,2 млрд теңге болды.

1 ЖЗШ-дағы МЗЖ есебінен жинақтардың орташа мөлшері – 1 396,2 мың теңге. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 22,4% артық. Есепте барлық салымшылардың, яғни жинақтаушы зейнетақы жүйесіне енді ғана кіргендердің де, жүйеге 25 жыл бойына жарна аударып келе жатқандардың да жеке зейнетақы шоттары ескерілді. Жинақ сомасына салымшының табысына тәуелді жарналардың жүйелілігі мен сомасы үлкен әсер етеді.  

Жинақтардың өсуі зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыс түріндегі кіріс ағындары есебінен қалыптасады. Бұл ретте 2023 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы зейнетақы жарналары 836,7 млрд теңге болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26% артық: өсімді МЗЖ (ЖЗШ-ға 796,6 млрд теңге түскен, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 27%), МКЗЖ (39,2 млрд теңге, өсім 25%) көрсетті. ЕЗЖ көлемі 899 млн теңгені құрады.

2023 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы таза инвестициялық кіріс – 493,4 млрд теңге.

 

БЖЗҚ-дан төлемдер түріндегі шығыс ағындары жыл басынан бері шамамен 172 млрд теңге болды. Бұл соманың басым бөлігі – 64,7 млрд теңге тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінен (БЖТ) тұрады. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш шамамен 13 есеге төмендеді.

Зейнетақы жасына байланысты төлемдер – шамамен 59,9 млрд теңге

Сондай – ақ, мұрагерлік бойынша төлемдер – 20,9 млрд теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 14,9 млрд теңге, мүгедектік бойынша төлемдер – 1,1 млрд теңге, жерлеуге берілетін төлемдер – 2,3 млрд теңге жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына шамамен 8,1 млрд теңге аударылды.

Айта кету керек, БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 32 101 теңге болса, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы - 742 692 теңге. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың осы кезеңіндегі БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы төлемнің орташа сомасы 29 360 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы - 707 326 теңге болған.

2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қордағы жеке зейнетақы шоттарының саны 12,18 млн бірлікке жетті. Оның ішінде 10,99 млн. жеке шот міндетті зейнетақы жарналарының есебін жүргізеді.  Ал МКЗЖ бойынша шоттар саны – 615 171 бірлікке тең. 373 708 ЖЗШ ерікті зейнетақы жарналарының есебі бойынша ашылған.

Зейнетақы активтері, оның ішінде республика өңірлері бөлінісі бойынша статистикалық деректер туралы барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер" бөлімінде  орналастырылған.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Жаңартылған күні: 17.07.2023 17:57
Құрылған күні: 31.07.2023 15:59

Ұйымдар тізімі
Текст