"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

ЖЕКЕ МЕНШІК МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУҒА МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫН ОРНАЛАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА

ЖЕКЕ МЕНШІК МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУҒА МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫН ОРНАЛАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС
КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА
жеке меншік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша
Жалпы ережелер
Конкурс мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау мақсатында өткізіледі. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша орындарды айқындау.
Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады::
1. осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына өтініш;
2. заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі, мектепке дейінгі ұйымдардың жарғысы, банктен берешектің жоқ екендігі туралы анықтама, салық органынан құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімнен ерте емес күні бар берешектің жоқ екендігі туралы анықтама;
3. мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру үшін пайдаланылатын жылжымайтын мүлікке (меншікті немесе жалға алынған) құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі;
4. м. а. бұйрығымен бекітілген "эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15217 болып тіркелген);
5. медициналық кабинетке лицензияның немесе бекіту орнын ескере отырып, емханамен қызмет көрсетуге арналған шарттың болуы туралы көшірмесі;
6. өнім берушінің балаларды мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қабылдау туралы міндеттемелері тек қана республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің жолдамасы бойынша, тамақтану үшін ата-ананың ақы төлеу мөлшері белгіленген. Өнім беруші осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес міндеттемелер нысанын толтырады;
7. педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің мемлекеттік үлгідегі білімі туралы құжаттарының көшірмелері.
Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысы қол қояды, мөрмен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.
Конкурсқа қатысуға өтінімді ұсыну тәртібі
Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурсты ұйымдастырушының кеңсесіне мына мекенжай бойынша ұсынады: "Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі" ММ, Щучинск қаласы, Абылайхан көшесі, 34, тел., каб.320.

Жаңартылған күні: 22.01.2021 15:25
Құрылған күні: 22.01.2021 15:25

Ұйымдар тізімі
Текст