2021 жылғы 21 қаңтарда Щучинск қаласы № 8 мектеп-гимназиясында кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа Щучинск қаласының мектеп және колледж директорлары қатысты.
Отырыста келесі мәселелер қаралды:
1.Бурабай ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы алдын алу жұмысының қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттері туралы.
2. 2020 жылғы Бурабай ауданының аумағындағы жасөспірімдер қылмысының жай-күйін талдау.
3. Бурабай ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.
Комиссия тиісті қаулы қабылдады.