Шығармашылық ізденіс- шеберлік шыңының баспалдағы
2021жылдың 26 қаңтар күні қашықтықтан тарих пәні мұғалімдерінің аудандық әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы өтті. Отырыстың барысында қашықтық үрдісінде білім сапасын арттыруға және ұстаз шығармашылығының нәтижесін алдыңғы қатарлы іс-тәжірибені жинақтау бойынша мәселелер қаралды. Щучинск қаласы № 11 IT-лицейі мектеп директорының орынбасары А.Ж.Абдрахманова «Қоғамдық гуманитарлық бағыт мұғалімдерін өзекті педагогикалық тәжірибені жинақтауға дайындау»атты алдыңғы қатарлы іс-тәжірибесімен , Абылайхан атындағы ОМ тарих пәнінің мұғалімі Н.Н.Қалиева «Жаңартылған білім мазмұнының белсенді әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың танымдық құзыреттілігін дамыту» атты шығармашылығымен және Абылайхан атындағы ОМ мұғалімі Г.С.Көбенова «Авторлық бағдарламаны жазу тәжірибесі. Мұғалімге қалай көмектесуге болады? атты сұрақ бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.Отырыстың соңында мұғалімдер өзара пікір алмасып, әдістемелік ұсынымдар қабылданды.