15.02.2021
Республикалық ғылыми жобалар байқауының
қортытындысы туралы ақпарат
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының қорытынды кезеңі 2021 жылдың 9-12 ақпан аралығында онлайн режимде өткізілді.
Байқау дәстүрлі түрде жыл сайын төрт бағыт бойынша өткізіліп келеді: «Ғылыми –техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны», «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математкиалық модельдеу», «Таза табиғи орта – Қазақстан – 2050 стратегиясын іске асырудың негізі», «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат бағдарлары».
Конкурстың бірінші кезеңіне 18557 оқушы тіркелсе, екінші кезеңінде 8268 оқушы, ал үшінші кезеңіне 945 оқушы қатысқан болатын. Қортытынды кезеңге еліміздің барлық аймақтарынан 576 жоба ұсынған ең үздік 750 оқушы қатысты.
Ақмола облысының намысын 23 оқушы 19 жобамен қорғады.
Байқау қорытындысы бойынша Ақмола облысынан 3 оқушыға жүлделі орынға ие болса, оның арасында Бурабай ауданынан «Адам.Қоғам.Құқық» секциясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен Щучинск қаласы №4 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Комарова Алена ( жетекшісі Касымова Ю.В.) және грамотамен Баянбай ауылы орта мектебінің 11 сынып оқушылары Ирмашев Мырзагали , Камалова Зарина( жетекшісі Сулейменова А.Т.) марапатталады.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!!!!