Білімді ұрпақ-мәңгілік мақтаныш
Бүгінгі таңда Қазақстанды әлемдік деңгейде таныту үшін білім жүйесі бәсекеге қабілетті жоғары деңгейде болуы қажет. Қазіргі таңда жас ұрпаққа берілетін білімнің сапасын, білім алушылардың дарындылығын арттыру мақсатында көптеген іс-шаралар жүргізілуде. Солардың ішінде қасиетті тіліміз бен әдебиетіміздің мәртебесін көтеру мақсатында өткізілетін олимпиаданың алар орны айрықша. Осы орайда, 2021 жылы ақпан айының 18-19 күндері аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдерін тереңдету және танымдық деңгейлерін анықтау мақсатында Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді. Әйгілі педагог, ұстаздардың ұстазы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері Қ.Бітібаева атындағы олимпиадаға 16 ауданнан және Астана, Көкшетау қала мектептерінің 9 -11 сынып оқушылары қатысты . Олимпиада 2 кезеңде өткізілді. 1 кезең – жазбаша (эссе); 2 кезең – тест тапсырмалары.
Аталмыш олимпиадаға Бурабай ауданынан 3 оқушы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша Бурабай ауданынан І дәрежелі дипломмен Щучинск қаласы №9 мектеп-гимназиясы 9 сынып оқушысы Батырбекова Шырын ( жетекшісі Сапарбекова Балдықыз Мусакуловна) марапатталды.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!!!!