Текст
2021 жылдың 4 маусымында директордың тәрбие орынбасарларының кезекті кеңес отырысы өтті. Кеңестің күн тәртібінде 6 сұрақ қарастырылды. Күн тәртібіндегі сұрақтарға сай, жас мамандардың жылдық қорытынды есебі, балалардың жазғы демалысының ұйымдастырылуы, «Қауіпті топ балаларының» жазғы демалысының ұйымдастырылуы жайлы директор орынбасарлары баяндамалар жасады. Кеңеске Ақмола облысы білім басқармасынан бас маман – Марина Борисовна Ли қатыстып, жазғы балалар демалысы жайлы, Ұлттық білім беру деректер қорында оқушылар санын толтыру алгоритмі жайлы айтып, қойылған сұрақтарға жауап берді.