Текст
30.07.2021
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Ұлы даланың ұлы есімдері" жобасы аясында Қазақстанның қоғамдық даму институтының өкілдері Серік Молдағалиев пен Руслан Беген 2021 жылдың 26 шілдесінде Бурабай ауданына іссапармен келді. Іссапар барысында олар #7 мектеп-лицейінде орналасқан аудандық Рухани жаңғыру кабинетінде аудан бойынша жүргізіп жатқан жұмыс барысымен танысып, Оқжетпес ауылының мәдениет үйіндегі "Коворкинг орталығы" мен ауданымыздағы киелі жерлерін тамашалап "Ботай-Бурабай" ашық аспан астындағы музейде болды.