Мұғалімдердің тамыз кеңесі
Орыс тілі мұғалімдерінің аудандық пәндік секциясының отырысы өтті. Секция тақырыбы "Филологиялық пәндердің білім беру сапасын арттыру жолдары". Отырыс барысында аудандық әдістемелік бірлестіктің жетекшісі Рахметова Р.К., білім бөлімінің әдіскері Вотинова Е. В. педагог қызметкерлерді 2021-2022 оқу жылындағы қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстырды. Отырыс барысында Қатаркөл а. Досов атындағы ЖББМ мұғалімі Щербакова Ф.П "Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың медиақұзыреттіліктерін қалыптастыру", Щучинск қ.№2 ЖББМ мұғалімі Сахнова О.В., "Орыс тілі мен әдебиеті сабағында оқу сауаттылығын дамыту", Златополье ЖББМ мұғалімі Цебермановская Н. В.және Оқжетпес ЖББМ мұғалімі Билялова Б. Ж.. «Заманауи білім беру технологиялары орыс тілі сабақтарында» атты тақырыптары бойынша өздерінің жұмыс тәжірибелерін ұсынды.
Секция отырысы барысында мектептердің қысқартылған оқу жүктемесімен ТОЖ-ға көшуіне байланысты орта мерзімді жоспарды әзірлеу бойынша аудандық шығармашылық топ құру туралы шешім шығарылды