Лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы
2021 жылдың 11 қараша күні Z00М алаңында «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушыларына арналған Лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың екінші (облыстық) кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты: қолданбалы лингвистика пәні бойынша дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау болып табылады.
Олимпиадаға бірінші аудандық кезеңнің жеңімпазы, математика және қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша Бурабай ауданы жалпы білім беретін Баянбай ауылы мектебінің 10 сынып оқушысы Крылова Арина қатысып,обылыста жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Жеңімпазымызды шын жүректен құттықтаймыз!!!!