Текст
2021 жылғы 12 қарашада Бурабай ауданы бойынша 5-6 сыныптарға арналған мектепішілік пәндік олимпиада өтті.Олимпиадада оқушылар келесі пәндер бойынша білімдерін көрсетті: математика, қазақ, орыс, ағылшын тілдері, Қазақстан тарихы, жаратылыстану. Мектеп кезеңіне ауданның 28 мектебінен барлығы 837 оқушы қатысты. 26 қарашада өтетін аудандық кезеңге мектеп кезеңінде 1 орын алған балалар қатысады. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!