Балаларды қабылдау бойынша мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлғалар құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе Қағидаларға 4-қосымшаның 8 – тармағына сәйкес "электрондық үкімет" веб-порталына (бұдан әрі-портал) ұсынады.
Балаларды қабылдау бойынша мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ балаларды қабылдау бойынша мемлекеттік қызметті ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын балаларды қабылдау бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.