"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

«Алтын қор»

11.03.2019

Елбасының 2018 жылдың 21 қарашасында жарық көрген  «Ұлы даланың 7 қыры » мақаласында айтылған ой-тұжырымдардан халықтың тарихқа деген ұстанымның дұрыстығын, бағыт-бағдардың айқындығын көруге болады. Тарихи сананы жаңғырту мәселесінде «Біздің дүниетанымымыздың, халқымыздың өткені мен бүгінгінің және болашағының іргелі негіздеріне тікелей қатысты» деп нақты санамалап көрсеткен. «Ұлы даланың 7 қыры» - ұрпақ мақтанатын, арғы тектерін әлемге батыл әрі айқын насихаттайтын төлқұжат.Оның әрбір тармағы өз заманында жеткен жетістіктер мен технологиялық жаңалықтарды жіліктеп түсіндіріп, құйма құлаққа құйып, көкірегінде көзі барға көрсетіп, бүгінгінің саналы ұрпағына ұқтырып отыр.Қазақ халқының өмір сүру дағдысы , тұрмысы, салт-дәстүрі жайлы білу соны сақтап кейінгіге үйрету ұрпақтардың парызы. Халықтың ашқан жаңалықтарын, жеткен жетістіктерін кейінгіге аманаттап кетеді. Сол аманатты Елбасы Түркі әлемнің бесігі-Тәуелсіз Қазақстан жастарына «Жастар жылын» жариялап отыр.Елбасының мақаласында атап өткендей, дала фольклоры мен музыкасының мың жылын  жүзеге асыру барысында №9 мектеп-гимназиясында  «Алтын қор»  жобасы қолға алынды. Сонымен қатар, фольклорлық дәстүрдің ортақ тарихи негіздерін іздеу үшін аудан көлеміндегі түрлі ауылдарда оқушылардан құралған іздеу-зерттеу тобы  ұйымдастырып, ұлттық дәстүріміздің құндылықтарын жинау, сақтау, насихаттау ісімен айналысады.Жұмыстың нәтижесінде ұлы дала мұрагерлерінің өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері –ертегілері, аңыз әфсаналары, қиссалары мен эпостары, қолөнері, саятшылық өнері жинақталады. Идея авторы мектеп директоры Б.Кушекова, жоба авторы директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Б.Бекетай. «Алтын жобасын» іске асырушылар мектеп жанындағы интернаттың Қ.Мусина бастаған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер тобы болмақ. 2019 жылдың 6-наурызында мектебімізде «Алтын қор» жобасының ашылу салтанаты болып өтті. Шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің «Халық қазанасы» институты өкілдері;Бурабай ауданы білім бөлімі өкілдері;Бурабай аудандық ауыл әкімдері;ауыл ақсақалдары; жергілікті БАҚ өкілдері; интернат тәрбиеленушілері. Ашылу салтанаты жас қолөнершілердің көрмесімен, «Көкше толқындары» фольклорлық ансамблдің әсем әндерімен басталды. Мектеп директоры  Б.Кушекова келген қонақтарды құттықтау сөзімен қарсы алып, ҚР-ның Ұлттық музейі «Халық қазынасы»  ғылыми –зерттеу институтымен екі жақты меморандумға қол қойылды. «Халық қазынасы»  институтының ғылыми –зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, күйші, өнертанушы Мәулет Ардаби «Алтын қордың» ашылуымен құттықтап, материалдық емес мұраларды зерттеудегі негізгі қағидалармен, ережелермен таныстырып өтті. Сөз соңында қасиетті қара домбырасын қолына алып, құлақ құрышын қандырар әуезді күйін тарту етті. Сонымен қатар, Астана қаласынан келген арнайы қонақ Айкүнім Қуанышқызы қыл кобызымен келген қонақтарды әсем күйге бөледі. Шара соңында «Алтын қор» мүшелеріне арнайы сый ретінде кітаптар табысталды. Бурабай аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Қосыбаева Әсия Таупыковна сөз алып, аудан көлемінде жасалып жатқан іс-шараларға тоқталып, мектептің атқарылып жатқан істеріне сәттілік тіледі.

Сірә, адамзат баласы үшін Уақыттан үлкен төреші жоқ. Ұлттық бет-бейнеңнің қалыптасып, дамығанын, өскен, я өшкенін Уақыт шіркін Өзіне тән заңдылығымен таңбалап отырған ғой. Сайын далада, самал желмен жарысып, жүйрік баптап, табиғатпен еркін тілдесіп, төрттүлік малдың жайын күйіттеп қана қоймай, тұма өнерді қастерлеп өткен бабаларымыз, қажетсіз ақпараттармен лайланбаған саналарын сарабдал ұстап, сұлулыққа, өнерге деген құштарлықтарын төмендетпестен ғұмыр кешкен.  “Асыл мұраларымыз жылдар белестерінде көмескіленіп қалмасын”,- деп жарғақ құлағы жастыққа тимейтін, бойында ұлттық намысы атойлаған барлық жас ұрпақ пен аға ұрпақты «Алтын қор» жобасын бірге  іске асыруға шақырамыз.

 

 

 

                                                                                                      Б.Бекетай

«Алтын қор» жобасының авторы

№9 мектеп-гимназиясы

Просмотров: 556


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст