"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Районный конкурс "Жаркын болашак"

15.03.2019

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы  шеңберінде Бурабай ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен  2019 жылғы  15 наурыз күні  Щучинск қаласы «Арман»МТОТЖО  орталығында  «Жарқын болашақ» атты мемлекеттiк тiл аясын кеңейтуге бағытталған оқушылар арасындағы  қазақ тілінен  бiлiм олимпиадасы өттi. Ауданның   7-11 сыныптарды қамтитын 28 мектебінен 95  оқушы осы олимпиаданың аудандық турына қатысты.. Оқушылар «Тiлшi-әдебиетшiлер», «Әншi-бұлбұлдар», «Жас ғалымдар», «Сөз шеберлерi» және «Жазушылар» сынды байқаулар бойынша мәнерлеп өлең оқудан, шығарма жазудан, ән салудан, ғылыми жұмыс қорғаудан бәсекеге түсiп, бақ сынасты. «Жүзден жүйрік ,мыңнан тұлпар» дегендей ,осы олимпиада барысында шығармашылық ізденістері мен сөз шеберлігімен ,өнерпаздық қабілеттерімен ерекше көзге түскен  Шучинск қаласының ,№9 МГ, № 7 мектеп –лицейі, №5 ОМ,Наурызбай батыр атындағы ОМ,Ұрымқай ОМ, Зеленобор МГ,Абылайхан атындағы ОМ, Атамекен а.ОМ ,Қарабұлақ НМ,Златополье ОМ,Қарашілік ОМ, С.Сейфуллин ат. ОМ ,Оқжетпес ОМ,Кіндікқарағай НМ және өзге ұлт өкілдерінің арасынан Шучинск қаласының №1,3,6 ОМ, Николаевка ОМ,Ақылбай а.орта  мектептерінің  оқушылары жүлделі орындарды иеленді.Жеңімпаздарымызға сәттілік тілейміз!

 

Просмотров: 561


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст