"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Бурабай ауданына балалар құқығын қорғау жөніндегі республикалық кеңесінің жұмыс тобы мүшелерінің келуі

12.04.2019

2019 жылдың 11 сәуірінде Бурабай ауданына балалар құқығын қорғау жөніндегі республикалық кеңесінің жұмыс тобы мүшелері келді.
«Нұр Отан» партиясы жанындағы балалар құқығын қорғау жөніндегі республикалық кеңесінің мүшелері Бурабай ауданының жұмыс сапарымен болып, Щучинск балалар үйіне, № 7 мектеп-лицейге, Щучинск қаласының өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау облыстық орталығын, №6 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетіне аралап көрді. Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында аудан әкімінің орынбасары Малика Нұрпанованың қатысуымен өңірімізде партияның «Бақытты отбасы» жобасының іске асырылуы, бала құқығының қорғалуына қатысты мәселелерді талқылап, әлеуметтік аз қамтылған бірнеше отбасының жағдайымен танысты.
Партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында облыста әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдауға көптеген игілікті істер атқарылуда. Атаулы әлеуметтік көмек алуға жұмыспен қамту орталықтарына көпбалалы отбасылардан шамамен 320 өтініш келіп түскен екен. Ал, партияның әлеуметтік терезесіне атаулы әлеуметтік көмек алуға қатысты тұрғындардан 7 өтініш түсіп, оң шешім тапқан.

 

 

Просмотров: 501


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст