"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

«Мұғалім - 2019» дәстүрлі спорттық дода

29.05.2019

«Мұғалім - 2019» дәстүрлі спорттық дода.

 

2019 жылдың 27–28 мамыр күндері Қатаркөл көлінің жағалауында орналасқан «Звездный» балалар сауықтыру орталығының базасында, Бурабай аудандық білім бөлімімен аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ Кеңесі бірігіп дәстүрлі ХХІІ-шы «Мұғалім-2019» спартакиадасын өткізді. Спартакиада финалына жеті аймақтағы өзара кездесулерден жеңімпаз командалар күш сынасуға жиналды.

Спартакиадаға шақырылған қонақтар: Ақмола облысы білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Абдрахманов Бейсенбай Қадырұлы, «Халық банк» АҚ Бурабай филиалының басшысы Асаинов Тимур Алтайұлы.

Кезекті XХІІ спартакиадаға, ауданның 34 білім беру мекемесінен 300 ден астам қызметкерлер қатысып спорттың келесі түрлерінен сайысты: волейбол, шахмат, тоғыз құмалақ, пневматикалық мылтықпен ату, үстел үсті теннисі, «Қалашық» ойыны және дартс. Спорттық дода екі күнге созылып жеке түрлерден жеңімпаздар келесі ретте анықталды:

 

 

Волейбол:

I – орын Досов атын. ОМ

II – орын №9 МГ

III – орын №7 МЛ

 

Шахматы:

I – орын С.Сейфуллин ОМ

II – орын Досов атын. ОМ

III – орын №2 ОМ

 

 

Тоғыз құмалақ:

I – орын Досов атын. ОМ

II – орын №7 МЛ

III – орын №9 МГ

 

Үшсайыс:

I – орын №8 МГ

II – орын №7 МЛ

III – орын №6 ОМ

 

 

Теннис:

I – орын №9 МГ

II – орын Савинка НМ

III – орын Оқжетпес ОМ

 

Қалашық ойыны:

I – орын Наурызбай Батыр атын. ОМ

II – орын №7 МЛ

III– орын №6 ОМ

 

Дартс:

I – орын Николаевка ОМ

II – орын №2 ОМ

III – орын Абылайхан атындағы ОМ

 

Жалпы командалық І-орынды 302,5 ұпаймен Щучинск қаласының №7 МЛ командасы жеңіп алса, 298 ұпаймен Досов атындағы орта мектептің командасы екінші орынға ие болды, ал үшінші орынды 273,5 ұпаймен Щучинск қаласының №9 МГ командасы өз қанжығасына байлады.

«Үлгілі экипировка» номинациясымен Щучинск қаласының №9 МГ командасы және «Жеңіске ұмтылысы үшін» номинациясымен Щучинск қаласының №2 ОМ командалары марапатталды.

Спартакиада жеңімпаздары құнды сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

Аудандық білім қызметкерлінің

кәсіподақ кеңесінің төрағасы

А. Абдрахманов

Просмотров: 654


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст