Ақмола облысы білім басқармасының дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 12-13 мамыр аралығында Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында 8-11 сынып оқушылары арасында XXIII Абай оқулары мен XII Махамбет оқулары республикалық шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
Байқауға Бурабай ауданынан номинациялар бойынша 8 оқушы қатысады.
«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша Қарашілік ауылының жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Орынбай Жанерке,
«Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Щучинск қаласының № 9 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Рашит Альмира, «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Абылайхан атындағы жалпы білім беретін мектебінің 8 -сынып оқушысы Дәулет Іңкәр,
«Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша №7 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Касымова Дина, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша Щучинск қаласының № 9 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Батырбекова Шырын, «Ұлылар әлемі»номинациясы бойынша Щучинск қаласының № 9 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Рашит Султана,"Тартынбай сөйлер асылмын..." номинациясы бойынша Щучинск қаласының № 9 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Кабдуллин Мадияр,«Ел құтқарар ер едім» номинациясы бойынша Қарабұлақ негізгі орта мектебінің 9-сынып оқушысы Теміртас Жансұлу қатысты .Байқаудың қорытындысы бойынша «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Абылайхан атындағы жалпы білім беретін мектебінің 8 -сынып оқушысы Дәулет Іңкәр және
"Тартынбай сөйлер асылмын..." номинациясы бойынша Щучинск қаласының № 9 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Кабдуллин Мадияр жүлделі I орынды, «Ел құтқарар ер едім» номинациясы бойынша Қарабұлақ негізгі орта мектебінің 8-сынып оқушысы Темертас Жансұлу жүлделі I I орынды иеленді. Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен, сыйлықтарымен және марапатталады.
Жеңімпазымызды шын жүректен құттықтаймыз!!!!