Бүгін, 27 қараша №8 мектеп-гимназиясында «Білім беру сапасын арттыруға бағытталған білім беру ортасын модельдеу бойынша мектептің әдістемелік қызметінің жұмысы» атты аудандық әдістемелік кеңестің 2 отырысы өтті. Кеңеске әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Косыбаева Асия Таупыковна, білім бөлімінің әдіскерлері –Вотинова Елена Владимировна, Марандина Елена Юрьевна, Кусаинбекова Жанар Маратовна, директордың оқу жұмысы бойынша 32 орынбасары қатысты.
Кеңестің жоспары бойынша «педагог мәртебесі туралы» заңның жобасы, білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту, мектептің әдістемелік қызметінің оқушылардың ақпараттық құзыреттіліктерін қалыптастыру бойынша жұмысы, BilimLand, ЕАЖ "Күнделік" білім беру контентінің, білім беру ұйымдары сайттарының белсенділігіне мониторинг жүргізу туралы сөз қозғалды. Кейін фасилитациялық сессияны өткізіліп, кәсіптік шеберлік конкурстарына белсенді қатысу туралы айтылып, ұсыныстарды қабылдаумен аяқталды.