"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Республикалық «Зерде» конкурсының қорытындысы

31.01.2020

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылдың 27-29 қантар  аралығында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы базасында 1-7 сынып оқушыларына арналған зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының ХIV республикалық «Зерде» конкурсын өткізді.

Конкурсты өткізудің басты идеясы  1-7 сынып оқушыларының зертеушілік қабілеттерін қалыптастыру және интеллектуалдық шығармашылық  әлеуетін ынталандыру.

         Республикалық «Зерде» конкурсына Бурабай ауданы бойынша облыстық конкурстың жүлдегерлері  Щучинск қаласының №2 ОМ-нің, №7 МЛ-нің, №9 МГ-ның, Досов атындағы ОМ-нің  оқушылары қатысты.

         Конкурс қорытындысы бойынша 3-деңгейлі диплом және сыйлықты: Досов атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушысы Душкина Виктория;

2-деңгейлі дипломмен және сыйлықпен: Щучинск қ. №2 орта мектебінің

 4 сынып оқушысы Коротченко Диана ;

1-деңгейлі дипломмен және сыйлықпен: Щучинск қ. №7 мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы Нұрмахамбет Нұрасыл, Щучинск қ. №9 мектеп-гимназиясының  6 сынып оқушысы Сейтімхан Кәусар иеленді .

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз. Оқушыларымызға бұдан да әрі шығармашылық табыс тілейміз!

К.Алдабергенова  білім бөлімінің әдіскері.

Просмотров: 1274


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст