Кеңес Отырысы
Бурабай ауданының білім бөлімі
2023 жылғы 11 тамызда "Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің Щучинск қаласы П. И. Морозов атындағы № 3 жалпы білім беретін мектебі" КММ Бурабай ауданының білім бөлімі Кеңесінің отырысы өтті.
Кеңес отырысында келесі мәселелер қаралды: 1.Ауданның білім беру ұйымдарының жаңа 2022-2023 оқу жылына дайындығы туралы.
2 . 2023 жылы аудан оқушыларының жазғы демалысы мен жұмыспен қамтылуының қорытындылары туралы.
3. Аудан мектептеріндегі жобалау-зерттеу қызметінің қорытындысы.
4. Инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету үшін тиімді жағдайлар жасау. Ауданның білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қамту жөніндегі іс-шараларды өткізу туралы.
Кеңес отырысының қорытындысы бойынша шешімдер қабылданды.