«Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты облыстық онлайн байқауы
Өзге ұлт өкілдерінің 14 жастағы оқушылар арасында мемлекеттік тілді жетік меңгеруге арналған “ Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты облыстық онлайн байқауына Бурабай ауданының Щучинск қаласының №11 IT мектеп- лицейінің 8 «Б» сынып оқушысы Бибик Виктор қатысты. Онлайн байқаудың мақсаты: оқушылар арасында қазақ тілін меңгерген өзге ұлт жастарына қолдау көрсету, олардың сөйлеу мәдениетінің деңгейін көтеру және мемлекеттік тіл мәртебесін нығайту болды. Байқау 2020 жылдың 22 қыркүйегінде ZOOM ғаламтор платформасы арқылы өткізілді. Ақмола облысының аудандарынан 13 үміткер қатысты.Бұл байқауда Бибик Виктор байқаудың 4 кезеңінің тапсырмаларын үздік орындап, Ақмола облысы бойынша Бурабай ауданының намысын қорғады. 3- жүлделі орынға ие болды. «Бұлақ көрсең, көзін аш»,- деген халқымыздың дана сөзін ұстанып, Виктордың әлі талай жарыстарға қатысып, орындар алатынына сеніміміз зор.
Бибик Викторды дайындаған Щучинск қаласы №11 IT мектеп- лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тулегенова Бибигуль Мухановнаға шығармашылық табыс тілейміз.