Аудандық әдістемелік кеңестің кезекті отырысы өтті. Қатысушылар-директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары. Кеңестің күн тәртібіндегі "Орта білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, оқу процесін әдістемелік сүйемелдеу туралы", "Өзекті педагогикалық тәжірибені зерделеуге және жинақтауға қойылатын заманауи талаптар", "Аудан мектептерінде дарынды балалармен тиімді жұмысты ұйымдастыру", "Жеке білім беру бағдарламасын жобалау", "Kundelik электрондық журналын толтыру мониторингісі, аудан педагогтарының Bilimlend onlain-mektep сервисінің электрондық плафтормасын пайдалануы", "Педагогтердің конкурстық қозғалысқа қатысуы» туралы мәселелер қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша әдістемелік ұсынымдар қабылданып, электрондық құжаттар пакеті ауданның білім беру ұйымдарына жіберілді.