Текст
12.11.2020
Жыл сайын аудан мектептері директорларының басқару корпусы жаңартылып отырады. Каникул уақытында еңбегін жаңа бастаған басшылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында қызметін жаңа бастаған басшылар мектебінің отырысы өтті. Отырыс барысында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру, мектепішілік бақылауды ұйымдастыру мәселелері қаралды. Ақылбай а. орта мектебінің тәжірибелі директоры Кудабаев Қ.Е.,өз идеяларымен және басқарушы тәжірибесімен бөлісті. Одан әрі дөңгелек үстел өтті, білім бөлімінің әдіскерлері сұрақ - жауап форматында жас директорларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.