"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

"Ұлы даланың Ұлы есімдері" атты облыстық қашықтық конкурсының қорытындысы

14.12.2020

 

"Ұлы даланың Ұлы есімдері" атты облыстық қашықтық   конкурсының қорытындысы

     2020 жылғы  9 желтоқсанда  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында педагогтардың ғылыми – зерттеу және оқу-танымдық іс-әрекетін ынталандыру, инновациялық педагогикалық жұмыстардың үздік үлгілерін анықтау мақсатында "Ұлы даланың Ұлы есімдері" атты облыстық қашықтық   конкурсының  қорытындысы шығарылды. Облыс бойынша конкурсқа білім беру ұйымданынан 69 педагог қатысып бақ сынасты.     Конкурсқа Бурабай ауданының білім беру ұйымдарынан  8  авторлық жоба ұсынылды. Облыстық қашықтық конкурсы  5  бағыттар бойынша өтті:

  1. «Ақмола облысының тарихи ескерткіштері».
  2. « Өлкетану - ұлттық жаңғыру».
  3. «Шығыстың сөнбес жұлдызы- Әбу Насыр Әл-Фараби».
  4. «Абай мұрасы-ұрпаққа ұлағат».
  5. «Көкше өңірінің Ұлы есімдері».

       Қазылар алқасының шешімі бойынша «Шығыстың сөнбес жұлдызы- Әбу Насыр Әл-Фараби» бағыты бойынша  жүлделі І орынды Щучинск қаласы №9 мектеп-гимназиясының  ағылшын тілі  пәнінің мұғалімі Нұрмаханова Гулзинат Махмутовна иеленді.

    Жүлделі орын иегерлері Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және ақшалай сертификаттарымен марапатталады,  сонымен қатар барлық қатысушыларға конкурсқа белсенді қатысқаны үшін сертификаттар беріледі.

 

Просмотров: 379


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст