"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

«Ақберен» VІІ облыстық ақындық пен шешендік өнер байқауы жарыстарының қорытындысы

14.12.2020

«Ақберен» VІІ облыстық ақындық пен шешендік өнер байқауы жарыстарының қорытындысы

     2020 жылдың 7-8 желтоқсан күндері  Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы«Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі   облыстық  оқу-әдістемелік орталығы» жас  ұрпақтың  бойына  отаншылдық  рухты  сіңіру,  тілді,  әдебиетті  жете  меңгеру,  өлең  жазу,  ақындық,  сөз  өнерінің  қадір-қасиетін  түсіну,  шығармашыл  жастардың  дарындылығын (ақындық, шешендік шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау, т.б.) айқындау  және  қолдау мақсатында 8-11 сыныптар арасындағы оқушылардың гуманитарлық–эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға бағыттау мақсатында  «Ақберен» VІІ облыстық онлайн өнер байқауын» қашықтықтан онлайн режимде өткізді.Бурабай ауданы бойынша  2 мектептен 5  оқушы қатысты. 
     Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, «Ақындар мүшәйрасы» номинациялары қатысқан Щучинск қ. №9 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Кабдуллин Мадияр жүлделі II орынды және «Көркем сөз оқу» - поэзия, проза, драмалық шығармалардан үзінді оқу номинацияларына  қатысқан Щучинск қ. №9 мектеп-гимназиясының 10 -сынып оқушысы Жусупова Айзат жүлделі III орынды иеленді.
Барлық қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз, шығармашылық табыс тілейміз!

Просмотров: 562


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст