"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

"Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу" мемлекеттік қызметі

Кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер

 

       «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Бурабай ауданының білім бөлімімен көрсетілген мемлекеттік қызмет.

Мемлекеттік қызметті көрсету формасы: электрондық (жартылай автоматты) немесе қағаз түрінде.

            Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 121-126 бабтары  және Қазақстан Республикасы Білім және министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 және 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 684 бұйрықтарымен бекітілген стандарттар негізінде жүзеге асырылады.

            Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мемлекеттік қызметтің осы стандартына 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қамқоршылық және қорғаншылық белгілеу туралы аудандық әкімдіктің қаулысы немесе мемлекеттік қызметтің осы стандартының 10 тармағында қарастырылғаны негізі бойынша, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

            Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі мемлекеттік қызметті алушының қажетті құжаттарды тапсырған сәтінен бастап (қабылдау күні және құжаттарды беру күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді) 19 күнтізбелік күнді құрайды.

            Мемлекеттік қызметті алу үшін қызметті алушы  «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

3) егер некеде тұрған жағдайда, жұбайының (зайыбының) нотариалды расталған келісімі;

4) егер некеде тұрса, көрсетілетін қызметті алушының және жұбайының (зайыбының) ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама, «Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12127 тіркелген), сондай-ақ «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген) бекітілген нысан бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтама;

5) некеде тұрған жағдайда некені қию туралы куәліктің көшірмесі, 2008 жылға дейін қиылған жағдайда немесе ҚР шегінен тыс жерлерде тұрған жағдайда;

6) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі, бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін немесе ҚР шегінен тыс туылған жағдайда;

7) балаға жалғыз немесе екі ата-анасының қамқорлығының болмауы фактісін растайтын құжаттардың көшірмелері (қайтыс болу туралы куәлік, ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру, оларды ата-ана құқықтарын шектеу, ата-аналарды хабарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімі (әрекет қабілеті шектеулі), жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеуі туралы сот үкімі, ата-аналарды іздестіруді, баланы ата-анасынан айыруды, ата-анасының ұзақ уақыт бойы денсаулық сақтау ұйымдарында болуын растайтын құжаттар, баланы (балаларды) тастап кету туралы акт, баладан (балалардан) бас тарту туралы өтініш, туу туралы анықтама (бала 2008 жылға дейін некесіз туылған жағдайда) «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, жою қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 25 ақпандағы №112 бұйрығымен бекітілген

 

 

 

 

ҚР әділет Министрі (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10764 тіркелген);

8) көрсетілетін қызметті алушының және жұбайының, егер некеде тұрған болса, табыстары туралы мәліметтер;

9) көрсетілетін қызметті алушының және жұбайының тұрғын үйін пайдалану құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері (тұрғын үйге меншік құқығы болмаған жағдайда);

10) баланың (балалардың) пікірі (он жасқа толған кезде).

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланы тәрбиелеуге үміткер адамның тұрғын үй-тұрмыстық жағдайы актісін көрсетілетін қызметті беруші жоғарыда аталған құжаттарды ұсынғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде дайындалады.

10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер:

1) көрсетілетін қызметті алушының кәмелет жасқа толмауы;

2) соттың көрсетілетін қызметті алушыны әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп тануы;

3) соттың көрсетілетін қызметті алушыны ата-ана құқықтарынан айыруы немесе соттың ата-ана құқықтарын шектеуі;

4) өзiне Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерінен шеттетілуі;

5) бұрынғы бала асырап алушылардың кiнәсi бойынша бала асырап алудың күшiн жою туралы сот шешімі;

6) көрсетілетін қызметті алушының қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерін жүзеге асыруға кедергі келтіретін ауруының болуы;

7) көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тұратын жерінің жоқтығы;

8) қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу кезінде қасақана қылмыс жасағаны үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының болуы, сондай-ақ осы тармақтың. 

13) тармақшасында аталған адамдар;

9) көрсетілетін қызметті алушының азаматтығының болмауы;

10) анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқығынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрмайтын еркек жынысты адамның өтініші;

11) қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу кезінде көрсетілетін қызметті алушының қамқорлыққа алынушыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысының болмауы;

12) көрсетілетін қызметті алушының наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұруы;

13) адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халық денсаулығына және имандылыққа, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары, экстремистік немесе террористік қылмыстары, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдар (2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бӛлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда).

 Қосымша ақпаратты Бурабай ауданының білім бөліміне 2-30-89 телефоны бойынша немесе білім бөлімінің burabay.akmoedu.kz. сайтында  алуға болады.

 

 

Бурабай ауданы білім

бөлімінің бас әдіскері

М.А. Жанботинова

 

 

Жаңартылған күні: 17.01.2020 11:54
Құрылған күні: 17.01.2020 11:56

Ұйымдар тізімі
Текст