Хабарландыру
«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бос орынға орналасуға конкурс жариялайды.
«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Ұрымқай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.
«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Ұрымқай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіБурабай ауданы, Ұрымқайауылы, Молодежный көшесі, 1А мекенжайында орналасқан, тел. 8(71636) 9 34 24, жалпы орта білім беру қызметін жүзеге асырады. Оқыту тілі – аралас тіл.
Біліктілік талаптары:тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; педагогикалық жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы соңғы екі жылда педагогикалық жұмыс өтілі; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі кемінде бес жыл жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін қоспағанда).
Лауазымдық міндеттер: Білім беру ұйымының жарғысына және басқа нормативтік құқықтық актілерге сәйкес оның қызметіне басшылық етеді. Педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесіп білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарын жүзеге асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларды бекітеді. Бекітілген учаске бойынша балаларды жалпы міндетті оқытуды қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбиелеу үрдісінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбиелеу үрдісін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды дамытуды қамтамасыз етеді.
Мұғалімдер (педагогтар) ұйымының, әдістемелік бірлестіктердің, балалар ұйымдарының қызметіне жәрдемдеседі. Жалпы білім беру қызметіне құқық лицензиясына сәйкес оқушылардың, тәрбиеленушілердің контингентін құрайды, оқушыларды, тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Тәрбиеленуші жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалардың заңды мүдделері мен құқықтарын (жеке, мүліктік, үй-жайлық, еңбек және басқа) қорғайды, оларға туысқандық байланысты ұстау үшін жағдай жасау бойынша шаралар қолданады. Тәрбиеленуші мен оқытылатындарды күтіп бағу мен ұстау жағдайын белгіленген нормадан төмен емес деңгейде қамтамасыз етеді. Оқу-білім беру үрдісі уақытында білім беру ұйымының қызметкерлері мен оқытылатындардың (тәрбиеленушілердің) өмірі мен денсаулығының қауіпсізідігіне қажетті жағдай жасайды.
Оқушылардың денсаулығын қорғау және нығайту мақсатында тамақтандырумен және медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету бойынша жұмыс пен бақылауды ұйымдастырады. Заңнамада белгіленген шекте білім беру ұйымының мүлкі мен қаржысына иелік етеді, құрылтайшылардың қаржылық және материалдық құралдарының түсуі мен жұмсалуы туралы жыл сайын есеп береді.
Нормативтік талаптарға сәйкес оқу-материалдық базаны сақтау мен толықтыруды, есепке алуды қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесінің, санитарлық-гигиеналық режимнің, еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігінің сақталуына жауап береді.
Педагогикалық кадрларды және көмекші персоналды іріктеп алу мен орналастыруды жүзеге асырады, басқару құрылымын, штаттық кестені және қзыметкерлердің лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңеске басшылық етеді. белгіленген тәртіпте қызметкерлерді аттестациялауды жүргізеді. Өз құзыреті шегінде еңбекте ерекше көзге түскен мұғалімдер мен білім беру ұйымының басқа қызметкерлерін ынталандыруға және наградаларға ұсынады, жаза қолданады.
Қоғаммен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен(оларды ауыстыратын адамдармен) жұмысты үйлестіреді. Білім беру ұйымын мемлекеттік және басқа ұйымдарда өкілдік етеді, қажетті есептілікті дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.
Лауазымдық жалақының мөлшері еңбек сінірген жылдарына қарай161 263теңгеден жоғары.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны: «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі» ММ, 305 каб., 2021 жылғы 30 қыркүйек күні конкурстық орналасуға қатысушылардың біліктілігін бағалау.
Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру аудандық білім бөлімінің ресми сайтында алғашқы жарияланған күннен бастап 7жұмыс күн ішінде Щучинск қаласы, Абылайхан көшесі, 34, № 301 каб.мекенжайы бойынша тапсырылуы тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін басшы лауазымына кандидат ұсыну қажет:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;
6) алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;
11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);
12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;
14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.
3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен растайды.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат қарауға кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында қарастырылған құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда,кандидатқа Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.
Анықтама үшін телефон: 79-0-44, факс: 2-14-44.
Электрондық мекенжай: burabaioo@aqmoedu.gov.kz
«Ақмола облысы білім басқармасының
Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-сі