"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

2019-2020 оқу жылында кәсіби шеберлік байқауларына педагогтардың қатысуы.

  Технологиялар мен инновациялар ғасырында білім беру деңгейі көбінесе адамның өміріндегі жетістіктерін, жалпы алғанда - елдің серпінді дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін айқындайды. Бурабай ауданы педагогикалық таланттарға бай. Қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмау, әрдайым алға жылжу-біздің педагогтеріміздің ұраны. 2019-2020 оқу жылында кәсіби шеберлік байқауларының жеңімпаздары мен лауреаттарын құттықтаймыз:

      -Щучинск қ. №10 жалпы үлгідегі мектеп-интернатының педагог-психологы «Үздік психолог» облыстық  конкурсында - 1-орын, конкурстың республикалық   кезеңінде - 2  орынды;

    -«Математика, физика, информатика мұғалімдері» облыстық  конкурсында  С.Сейфуллин орта мектебінің физик мұғалімі Лозинский Д.Б. -1 орынды;

    - «Үздік қазақ тілі мұғалімі » облыстық  конкурсында  Щучинск қ. № 1 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мұғалімі  Жармухамбетова Э.М. -1 орынды;        

     - «Үздік педагог» облыстық  конкурсында  Щучинск қ. №7 мектеп-лицейінің ағылшын тілі мұғалімі Амиржанова К. К.- 1- орынды;

- "Үздік педагог" облыстық конкурсында 3 орын - Гусенкова С. Е., Щучинск қ. "Ақбота "бөбекжай-бақшасы"МКҚК тәрбиешісі

     - республикалық бейне сабақтар байқауында Щучинск қ. №1 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі  мұғалімі  Мусаипова А. К, Оқжетпес орта мектебінің биология мұғалімі Сеитова Г. Б. - 1- орынды; Щучинск қ. №1 мектеп-гимназиясының технология мұғалімі Фалеева С. А.-2  орынды;

     - облыстық бейне  сабақтар конкурсында  Щучинск қ. №2 орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі  Г. С. Ержанова, Щучинск қ. №10 жалпы үлгідегі мектеп-интернатының информатика мұғалімі И. Д. Орешина 3-орынды;

Абайдың  175  жылдығына  арналған  облыстық  конкурста Щучинск қ. №9 мектеп - гимназиясының ағылшын тілі мұғалімі Жолтабарова А. Д.- 3 орынды; 

     - облыстық «Үздік бейне  сабақ» байқауында Щучинск қ. № 8 мектеп-гимназиясының орыс тілі мұғалімі  Рахметова  Р.К. -1 орынды; Щучинск қ.№8 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі мұғалімі  Балашова Наталья Валерьевна, Ефимова Т. В..Щучинск қ. №6 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі, Болатова А. Т.,Щучинск қ.№7 мектеп-лицейінің химия пәнінің мұғалімі, Слепченко Т. В.,Щучинск қ.№4 орта мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі, Щучинск қ. №4 орта мектебінің дене шынықтыру және АӘТД мұғалімі  Ескендіров  С.Д.-2  орынды;  Щучинск қ.№4 орта мектебінің  математика мұғалімі  Хаметова  А.М., Щучинск қ.№6 орта мектебінің информатика мұғалімі Васильева М.П.-3 орынды  иеленді.

       Байқауға қатысу-өз ісінің үздіктерін анықтауға, педагогтарды шеберлік шыңына ұмтылуға ынталандыруға мүмкіндік береді. Тоқтамай, әрқашан табыс шыңына батыл қадам басуға тілектеспіз.

 

 

Жаңартылған күні: 05.06.2020 15:03
Құрылған күні: 05.06.2020 15:03

Ұйымдар тізімі
Текст