"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Көпшілік алдында талқылау үшін 2018 жылға мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында «Бурабай ауданының білім бөлімі» ММ-нің қызметі туралы есебі

«Бурабай ауданының білім бөлімі» ММ мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізіліміне сәйкес 22 мемлекеттік қызметті көрсетеді.

            2018 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтің саны 9165, олардың ішінде:

- қағаз нысанында – 6780

- «Электрондық үкімет» веб – порталы арқылы – 1733

- Мемлекеттік корпорация арқылы – 652

Бурабай ауданының білім бөлімі 22 мемлекеттік қызметті көрсетеді:

1) Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру-44;

2) Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу-23;

3)Кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру және кәмелетке толмаған балаларға мұра рәсімдеу -684;

4) Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою-1723;

5) Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау-1554;

6) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау-2373;

7) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау-11;

8) Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау-1017;

9) Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну-387;

10) Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну-1159;

11) Мемлекеттік білім беру мекемелері білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің бөлек санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру-147;

12) Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру-3;

13) Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау-22;

14) Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау-2;

15) Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою-7;

16) Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау-5;

17) Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау – 0;

18) Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру-88;

19) Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау-8;

20) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта,
жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының
педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға
біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан
өткізуге құжаттар қабылдау-473;

/public/files/2019/4/5/050419_144707_publichnoe-obsughdenie-za-2018-kaz.docx

Жаңартылған күні: 05.04.2019 14:47
Құрылған күні: 05.04.2019 14:47

Ұйымдар тізімі
Текст