"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Тамыз кеңесі

        2020 жылғы 24-26 тамыз аралығында Бурабай ауданында тамыз кеңесі шеңберінде пәндік секциялардың отырыстары өткізілді. Өткізу форматы-қашықтық, ZOOM платформасы арқылы, оған ауданның білім беру ұйымдарының 800-ден астам педагог қызметкерлері қатысты.

     Секция қатысушылары қашықтықтан оқыту жағдайындағы нормативтік-құқықтық құжаттамамен таныстырылды, 2020-2021 оқу жылының 1 тоқсанында оқу процесін ұйымдастыру мәселелері қаралды: кезекші топтардың жұмысын ұйымдастыру, санитарлық нормаларды сақтау, критериалды бағалаудағы өзгерістер, білім беру Интернет-платформаларын пайдалану, Күнделік жүйесіндегі өзгерістер, сынып жетекшілеріне онлайн Білім күнін өткізу бойынша түсініктемелер берілді.

     Педагогтар келесі тақырыптар бойынша өзекті педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті: қашықтықтан оқыту - мүмкіндіктер мен нақты тәжірибе, қашықтықтан жұмыс істеу үшін материалдарды қалай дайындау керек, оқушының денсаулығына зиян келтірмей қашықтықтан оқыту. Педагогтар "ашық микрофон"айдары арқылы пікір алмасты. Отырыс қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды. Барлық қатысушыларға электрондық форматта материалдар топтамасы жіберілді.

Жаңартылған күні: 20.02.2019 17:54
Құрылған күні: 27.08.2020 09:56

Ұйымдар тізімі
Текст